Новости / News Articles - e-museum.kz https://e-museum.kz Wed, 24 Dec 2025 07:17:30 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.8.3 https://e-museum.kz/wp-content/uploads/sites/11/2025/12/cropped-favicon-32x32.png Новости / News Articles - e-museum.kz https://e-museum.kz 32 32 «Қытайдың ежелгі қолөнер жауһарлары» көрмесі ашылды https://e-museum.kz/kk/news-article/694b8fa3805018db4-kk/ Wed, 24 Dec 2025 07:02:26 +0000 https://e-museum.kz/news-article/694b8fa3805018db4-kk/ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қытайдың Тяньцзинь музейі қорынан «Өркениет іздері: ежелгі қытай қолданбалы өнерінің жауһарлары» атты халықаралық көрме ашылды.

The post «Қытайдың ежелгі қолөнер жауһарлары» көрмесі ашылды first appeared on e-museum.kz.

]]>
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қытайдың Тяньцзинь музейі қорынан «Өркениет іздері: ежелгі қытай қолданбалы өнерінің жауһарлары» атты халықаралық көрме ашылды.

The post «Қытайдың ежелгі қолөнер жауһарлары» көрмесі ашылды first appeared on e-museum.kz.

]]>
Эстония президенті Ұлттық музейді аралады https://e-museum.kz/kk/news-article/694b8f0ba6db1eb82-kk/ Wed, 24 Dec 2025 07:00:05 +0000 https://e-museum.kz/news-article/694b8f0ba6db1eb82-kk/ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Эстония ұлттық музейі қорынан әкелінген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

The post Эстония президенті Ұлттық музейді аралады first appeared on e-museum.kz.

]]>
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Эстония ұлттық музейі қорынан әкелінген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

The post Эстония президенті Ұлттық музейді аралады first appeared on e-museum.kz.

]]>
Армения премьер-министрі құнды жәдігерлермен танысты https://e-museum.kz/kk/news-article/694b8e88c1e4610ab-kk/ Wed, 24 Dec 2025 06:57:15 +0000 https://e-museum.kz/news-article/694b8e88c1e4610ab-kk/ Армения премьер-министрінің Қазақстанға сапары аясында Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған топ ҚР Ұлттық […]

The post Армения премьер-министрі құнды жәдігерлермен танысты first appeared on e-museum.kz.

]]>
Армения премьер-министрінің Қазақстанға сапары аясында Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған топ ҚР Ұлттық музейіне арнайы келді.

The post Армения премьер-министрі құнды жәдігерлермен танысты first appeared on e-museum.kz.

]]>
«Керемет Шыңжаң, даңқты саяхат» фотокөрмесі https://e-museum.kz/kk/news-article/694b8e06b79c79b4e-kk/ Wed, 24 Dec 2025 06:55:05 +0000 https://e-museum.kz/news-article/694b8e06b79c79b4e-kk/ Көрме Қытай Халық Республикасының «Шыңжаң-Ұйғыр» автономиялық ауданының (ШҰАР) 70 жылдығына арналған.

The post «Керемет Шыңжаң, даңқты саяхат» фотокөрмесі first appeared on e-museum.kz.

]]>
Көрме Қытай Халық Республикасының «Шыңжаң-Ұйғыр» автономиялық ауданының (ШҰАР) 70 жылдығына арналған.

The post «Керемет Шыңжаң, даңқты саяхат» фотокөрмесі first appeared on e-museum.kz.

]]>
«Ұлы дала тарихы Иран деректерінде» көрмесі https://e-museum.kz/kk/news-article/694b8d6684386dd54-kk/ Wed, 24 Dec 2025 06:52:38 +0000 https://e-museum.kz/news-article/694b8d6684386dd54-kk/ Көрмеге Иранның Сыртқы істер министрлігі архивінен алынған 27 құжат қойылды. Құнды жәдігерлер алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.

The post «Ұлы дала тарихы Иран деректерінде» көрмесі first appeared on e-museum.kz.

]]>
Көрмеге Иранның Сыртқы істер министрлігі архивінен алынған 27 құжат қойылды. Құнды жәдігерлер алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.

The post «Ұлы дала тарихы Иран деректерінде» көрмесі first appeared on e-museum.kz.

]]>
Белгілі актер — Қазақстанның Ұлттық орталық музейінде https://e-museum.kz/kk/news-article/69452a3b77bd434f6-kk/ Mon, 22 Dec 2025 11:02:51 +0000 https://e-museum.kz/news-article/69452a3b77bd434f6-kk/ Аты аңызға айналған актер, жекпе — жек өнерінің хас шебері және ЮНИСЕФ-тің Ізгі ниет елшісі Джеки Чан өзінің Алматы сапары […]

The post Белгілі актер — Қазақстанның Ұлттық орталық музейінде first appeared on e-museum.kz.

]]>
Аты аңызға айналған актер, жекпе — жек өнерінің хас шебері және ЮНИСЕФ-тің Ізгі ниет елшісі Джеки Чан өзінің Алматы сапары барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіне арнайы ат басын тіреді.

Достық пен шынайы құрмет белгісі ретінде музей атынан Джеки Чанға қазақ тарихы мен мәдениетінің символы — «Алтын адамның» естелік шағын мүсіні сыйға тартылды.

Әлемдік кино жұлдызының біздің музейге сапары Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы бүкіл әлемде шынайы қызығушылық тудырып отырғанының жарқын дәлеліндей болды.

The post Белгілі актер — Қазақстанның Ұлттық орталық музейінде first appeared on e-museum.kz.

]]>
«Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты халықаралық фото-көрменің ашылуы https://e-museum.kz/kk/news-article/69452f65dcc8c631a-kk/ Mon, 22 Dec 2025 11:02:48 +0000 https://e-museum.kz/news-article/69452f65dcc8c631a-kk/ 2025 жылғы 30 қазанда Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық […]

The post «Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты халықаралық фото-көрменің ашылуы first appeared on e-museum.kz.

]]>
2025 жылғы 30 қазанда Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі және Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейі ұйымдастырған «Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты халықаралық фото-көрменің ашылуы өтті.

Жоба XIX–XX ғасырлардағы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын таныстыруға және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Экспозиция Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі қорындағы фотоқұжаттық материалдардан құралған. Онда ұлттық бірегейліктің қалыптасу үдерістері, жаңғыру мен мәдени трансформация кезеңдері бейнеленген. Ерекше назар дәстүрлі өмір салтын, индустрияландыру кезеңдерін және Қазақстанның музыкалық мұрасын визуализациялауға аударылған.

Көрменің жеке бөлімінде Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейісова және Кенен Әзірбаевтың қолданған музыкалық аспаптардың көшірмелері қойылды.

Көрменің ашылу салтанатында Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінің директоры Бакашова Ж.К., Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің көмекшісі Секимбаев Бақытбек Шаикбекұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары Арайлы Бақытқызы, сондай-ақ екі елдің жетекші ғалымдары мен мәдени мекеме өкілдері сөз сөйледі.

Қатысушылар көрменің екі ел музейлері арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың көрінісі екенін атап өтіп, көрнекі деректердің тарихи жадты қалыптастыру мен Орталық Азиядағы әлеуметтік-мәдени үдерістерді зерттеудегі маңызын ерекше атап өтті.

Іс-шара қырғызстандық қазақтар қауымдастығының мүшесі, домбырашы Нұрлан Абдиралиевтің орындауымен және экспозиция бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды.

Көрмені ғалымдар, мәдениет қызметкерлері және студенттерден құралған 1000-нан астам адам тамашалады.

The post «Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты халықаралық фото-көрменің ашылуы first appeared on e-museum.kz.

]]>
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесуі https://e-museum.kz/kk/news-article/694531b02eb2890a3-kk/ Mon, 22 Dec 2025 11:02:45 +0000 https://e-museum.kz/news-article/694531b02eb2890a3-kk/ Алматы қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов мырзамен ресми кездесу өткізді. Кездесу бағдарламасы аясында қонақтар […]

The post Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесуі first appeared on e-museum.kz.

]]>
Алматы қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов мырзамен ресми кездесу өткізді.

Кездесу бағдарламасы аясында қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінің экспозицияларымен танысты. Музей қорындағы тарихи және мәдени жәдігерлерге шолу жасалып, екі ел мәдениетінің ортақ тамырлары мен өзара ынтымақтастығын айқындайтын маңызды мәдени институт ретінде музейдің рөлі аталып өтті.

Бұдан бөлек, делегация мүшелері қырғыз елі тарапынан ұйымдастырылған мәдени бағдарлама — “Жәмилә” мюзиклін тамашалады. Бұл шара қырғыз және қазақ халықтарының рухани байланысын нығайтуға, сондай-ақ халықаралық мәдени диалогты кеңейтуге бағытталған ортақ бастама.

The post Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесуі first appeared on e-museum.kz.

]]>
“Қазіргі заманғы музей ісінің мәселелері мен мүмкіндіктері” тақырыбында көшпелі отырыс https://e-museum.kz/kk/news-article/694533622688d5692-kk/ Mon, 22 Dec 2025 11:02:22 +0000 https://e-museum.kz/news-article/694533622688d5692-kk/ Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті “Қазіргі заманғы музей ісінің мәселелері мен мүмкіндіктері” тақырыбында көшпелі отырыс […]

The post “Қазіргі заманғы музей ісінің мәселелері мен мүмкіндіктері” тақырыбында көшпелі отырыс first appeared on e-museum.kz.

]]>
Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті “Қазіргі заманғы музей ісінің мәселелері мен мүмкіндіктері” тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.

Жиында еліміздегі музейлердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, ғылыми-зерттеу және экспозициялық жұмыстарды дамыту, цифрландыру үдерістерін жетілдіру, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру бағыттары талқыланды.

Шара аясында комитет мүшелері ҚР Ұлттық орталық музейіне де арнайы келіп, музейдің ғылыми-зерттеу қызметімен, қор жұмысы және экспозициялық бағыттарымен танысты. Музей мамандары цифрландыру, мультимедиялық технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.

The post “Қазіргі заманғы музей ісінің мәселелері мен мүмкіндіктері” тақырыбында көшпелі отырыс first appeared on e-museum.kz.

]]>
Орал Таңсықбаев https://e-museum.kz/kk/news-article/6945092f14dfbb3d9-kk/ Fri, 19 Dec 2025 08:47:24 +0000 https://e-museum.kz/news-article/6945092f14dfbb3d9-kk/ 2025 жылдың 19 наурызы мен 1 маусым аралығында Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде көрнекті суретші Орал […]

The post Орал Таңсықбаев first appeared on e-museum.kz.

]]>
2025 жылдың 19 наурызы мен 1 маусым аралығында Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесі ұсынылды.

«Бұл көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болмақ. Көрме музейдің 90 жылдық мерейтойымен қатар, оған Ұлттық мәртебе берілген жылы ашылып отыр, бұл еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы.

Экспозиция Орал Таңсықбаевтың өмірі, оның драмаға толы шығармашылық тағдыры мен шебердің қолтаңбасының күрделі эволюциясы туралы – бастапқы кезеңдердегі модернистік эксперименттерден бастап, терең символизм мен философиялық мағынаға толы монументалды пейзаждарға дейін кеңінен таныстырды.

Көрме қонақтары Ташкент қаласындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен, Нүкіс қаласындағы Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінен келген, сондай-ақ Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған 78-ге жуық кескіндеме және графика туындыларын тамашалады.

Көрмеде О. Таңсықбаевтың орыс авангарды мен француз модернистерінің ықпалын көрсететін алғашқы туындыларына ерекше назар аударылды. Экспонаттар арасында атақты «Күрең күз» (1931), «Автопортрет» (1935) картиналары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі туындылар мен «жылымық» кезеңінің көрнекті пейзаждары ұсынылды.

The post Орал Таңсықбаев first appeared on e-museum.kz.

]]>