Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қапшық.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қапшық-оқ-дәрі салуға арналған былғарыдан жасалған шағын дорба. Бұндай бұйымдар ХІХ ғасырдағы жауынгерлік және аңшылық мақсатта жиі қолданылған. Қапшықтың қалтасы тығыз былғарыдан тігіліп, беріктігін арттыру үшін екі қапталы жұқа темірмен шегелене бекітілген. Астыңғы жағы да темір және қаңылтырмен нығайтылып, үш жерден шегемен ұстатылған.
Қапшықтың ауыз жағын жауып тұратын былғары бөлігі 3 см жалпақтықта темірмен қапталып, алты шегемен бекітілген. Бауы тағылатын жоғарғы бөлігінде екі доғабас темір орнатылып, оған темір шығыршық және ұзындығы 15 см қайыс бау бекітілген.Биіктігі-7 см6 ені-9,5 см, ішкі тереңдігі-3 см
ХІХ ғасыр.

Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Материал: Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Металдары тот басқан, былғарысы жыртылған.

Scroll to Top