Банкнота
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1993 жылғы үлгідегі номиналы 3 теңгелік банкнот. Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң жағына халық ақыны Сүйінбай Аронұлының портреті орналастырылған. Тігінен шымқай жасыл бояумен ақынның аты, өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында Алатаудың көрінісі. Серия №АИ 7661034
Мерзімделуі: 1993 ж.
Материалы: қағаз.
Техникасы: типограф. баспа.
Өлшемі: 125 х 63 мм.
Санат:
Нумизматика
Материал:
Қағаз
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ