Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Орамал.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жібек матадан тоқылған. Беткі жағына диаметрі 20 см болатын дөңгелек пішінді төрт гүл өрнегі салынған. Әр өрнектің ортасында алтыбұрышты, қызыл жіппен тоқылған жұлдызша бейнеленген. Сонымен қатар орамалға сары және жасыл жіптермен өлшемі 4×8,5 см келетін 18 дана гүлді өрнек енгізілген. Жиегі айнала жасыл түсті шашақпен көмкерілген (ұзындығы-7 см). Орамалдың кей жерлерінде жібек жіптері сөгіліп, бір шетінде 19 см-ге жыртылған тұсы бар.Орамал Шоқан Уәлихановтың қарындасы Нүридаға тиесілі деген болжам бар. Жәдігерді сақтап жеткізген-Мұса Шормановтың шөбересі Мағира Асфандиярова.

Санат: Киім және кесте
Материал: Мата
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Матасы тозған, кей жерлерінде жіптері сетінеген

Scroll to Top