Тартпа
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ат әбзелінің құрамына кіретін, ер-тоқымды орнықтыру мақсатында аттың бауырын орай тартылатын қайыс бұйым. Тартпа көлденеңінен ердің үстінен салынады. Жасалу материалы-қайыс, екі қабатталып жасалған: жалпақ қайыс ішке қарай қайырылып, жиегі бір-біріне түйістіріле тігілген.Тартпаның ұзындығы-60 см, ені-9 см. Екі басы дөңгелене кесілген. Әр басынан ортаға қарай, дөңгеленген ұш тұсына 8×8 см көлемде үшбұрышты ақ металл орнатылған. Металл пластиналар үш жағынан жез шегелермен шегеленіп бекітілген, ал олардың ортаңғы бетіне қазақы стильдегі екі бөлек ою салынған.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Материал:
Былғары, Металл
Тақырып:
Ат жабдықтары
Сақталу жағдайы
Былғарысы тозған.