Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сырға.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қыз-келіншектердің құлағына тағатын салпыншақты сырғаның ілгегі жіңішке ақ металдан жасалып,бекітілген түбінің беткі жағына үшбұрыштала біріктірілген үш кішкене дөңгелек ақ металдың ортасына көкшіл түсті шыны көздер орнатылған. Осыған байланыстыра бекітілген диаметрі-1,5 см болатын дөңгелек ақ металдың ортасына қызыл шыныдан көз орнатылған. Оның астыңғы қырына бес жерінен қатарластыра дөңгелек ақ сымдар бекітіліп,оған ақ металдан салпыншақ жіңішке шынжыр тағылған. Шынжырдың аяғына ширатылып әшекейленген ақ сым тағылып, төменгі жағына қоңыр түсті екі тас моншақ өткізіліп,ұшы жүрекше етіліп жасалған. Ілгегінен бастап аяғына дейін ұзындығы-9 см.

Санат: Металл
Материал: Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top