Күбі піспегімен.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Күбі-арнайы дайындалған, дөңгелек түбі бар ағаш ыдыс. Ол бір-біріне кірігетіндей етіп кертілген жұқа ағаш тақтайшалардан тігінен құрастырылып, сыртына төрт жерінен дөңгелек темір құрсау кигізіліп бекітіледі. Түбінің диаметрі-22 см, жоғарғы ернеуінің диаметрі-19 см ернеуінің жиегінде-1,5 см тереңдікпен айнала салынған кертік бар.Піспек-сүт пісуге арналған құрал. Ұстайтын сабының ұзындығы 79 см, диаметрі 3 см, жұмырланған ағаштан жасалған. Төменгі жағы-4 см аралықта жіңішкеріп (диаметрі 2,5 см), оған айқастыра бекітілген екі ағаш бөліктен тұратын піспек басы орнатылған. Оның жалпақтығы-4,5 см, ұзындығы-13 см, ортасы тесік.
Санат:
Ағаш
Материал:
Ағаш, Металл
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ.