Келі келсап.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Келі-ағаштан шабылып жасалған дәстүрлі тұрмыстық бұйым. Сырты малдың иленбеген терісімен (жүні сыртқа қаратып) қапталған. Мұндай әдіс кепкен терінің ағашты мықтап ұстауына және жарылып кетуден қорғауына мүмкіндік береді.
Өлшемдері: жалпы биіктігі-45 см, аузының ішкі диаметрі - 17 см, қабырғасының қалыңдығы-3 см, ішкі тереңдігі-32 см.Келінің сабы-келсап, арнайы көлеңкеде кептірілген қатты жуан ағаштан жасалған. Жоғарғы жағы диаметрі 10 см, одан төмен қарай 26 см аралығы жұмырланған. Төменгі жағы-14 см ұзындықта, ортасы 4 см етіп ойылған, екі жағы қолға ыңғайлы болуы үшін жұмырланып шабылған. Ұшы диаметрі 5 см етіп жіңішкеріп келген.Келсаптың ұшы ұрыла-ұрыла мүжілген, жоғарғы бөлігі жарылып сынған. Келсаптың жалпы ұзындығы-76 см.
Сақталу жағдайы
Терісі тозған, ағаш жарылған