Шапан.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шапан-күзгі және көктемгі маусымда киюге арналған, жылы әрі жеңіл ұлттық сырт киім. Сырты қалың матадан тігіліп, ішіне жұқалап қой жүн салынған, ал астары жұмсақ матамен қапталған. Киімнің пішімі трапеция тәрізді, етек шалғайы кең, бұл қозғалысқа еркіндік беріп, салқын ауа райында денені жылы ұстауға мүмкіндік береді. Желке тұсында астар матасы жыртылған, етек бөлігінде де ұсақ жыртықтар кездеседі.Ұзындығы-125 см; жеңінің ұзындығы-70 см; екі иықтың арасы-56 см; етек шалғайының ұзындығы-205 см.
Санат:
Киім және кесте
Материал:
Мата
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Матасы жыртылған, өңі кеткен