Кітап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кітап. «Жеті дастан»
Кітаптың сыртқы мұқабасында дала пейзажы-бұлттармен көмкерілген аспан, нөсер жауын және көкте қалықтаған екі құс бейнеленген. Түп жағына автордың есімі-«Қ.Бекхожин» деп жазылған. Бірінші бетінің жоғарғы ортасында толық есімі-«Қалижан Бекхожин» көрсетілсе, төменгі ортасында үлкен әріптермен «ЖЕТІ ДАСТАН» деген атауы берілген. Оның астында «Таңдамалы дастандар мен балладалар» деген қосымша сипаттама берілген. Ең төменгі бөлігінде баспасы мен жарық көрген уақыты: «Жазушы» баспасы, Алматы-1966 деп көрсетілген.
Санат:
Кітап
Материал:
Қағаз
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ