Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кесеқап.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кесеқап. Қос бүйірлі тері қап, кесе секілді шыны ыдыстарды салып, сынып-бүлінбес үшін алып жүруге арналған арнайы бұйым. Қаптың екі бүйірін түгелдей жауып тұратын қақпағы да теріден жасалып, астыңғы жиегіне қайыс баумен тігіліп, ашып-жабуға ыңғайлы етіп дайындалған. Қақпақты жабық күйде ұстап тұру үшін жоғарғы ортасына жезден доғабас орнатылған. Ауыз ұшында ұзындығы 35 см жалпақ қайыс бау тағылған, бұл қапты алып жүруге немесе байлап іліп қоюға арналған. Қаптың қос бүйірінің сыртқы бетіне дәстүрлі қазақы ою-өрнек бастырылған. Жалпы ені-30см,биіктігі-27см,қос бүйірінің ауыз бетінің диаметрі-13,5см, тереңдігі-8,5см.

Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Материал: Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Былғарысы тозған

Scroll to Top