Балдақ.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Балдақ-бүркітшілер ат үстінде құсты алып жүру үшін пайдаланатын дәстүрлі ағаш тұғыр. Жоғарғы жағы 12 см көлемінде екі айырлы етіп жасалған. Айыр арасына 3 см жалпақтықтағы екі қабат қайыс салынған, ұштары сыртқа қайырылып, жез шегелермен бекітілген.
Балдақтың жалпы биіктігі - 50 см. Төменгі бөлігіндегі көлденең тесік арқылы үш өрім қайыс бау өткізіліп, ұштары түйілген - бұл балдақты ерге бекітуге арналған. Осыдан 24 см жоғары тағы бір көлденең тесікке ұзындығы 90 см қайыс бау тағылған.
Автор: Дәркембай Шоқпарұлы
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Материал:
Ағаш, Металл
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ