Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қосбасты ожау.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қосбасты ожау. Толықтай ағаштан жасалған, сабы ұзын, қымыз сапырып құюға арналған дәстүрлі қолөнер бұйымы-ожау. Ожау басы екі көзді, дөңгелек ернеулі, ішкі жағы біртұтас. Қосбүйірлі, бүйрек тәрізді қосауызды құрылымы қымыз ашу барысында түзілетін газды тез шығару мақсатында ойластырылған. Әр көзінің диаметрі-5 см. Сабы дөңестеу, орта тұсы өрнекпен ойылып жонылған. Ожау басының шеттерінен және көздерінің ортасынан сабына қарай үш бағытта жонылған ойықтар салмақты тең бөлуге және сабының беріктігін арттыруға арналған. Ожаудың оң жақ көзінің ернеуінде екі жерде, әрқайсысының ұзындығы 3 см болатын жарылуы бар.

Санат: Ағаш
Материал: Ағаш, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Ескі, жарылған

Scroll to Top