Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сандық.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Киім-кешек, асыл маталар, алтын-күміс және тұрмыстық бұйымдар салуға арналған күнделікті қолданыстағы сандық. Негізгі қаңқасы 1 см қалыңдықтағы ағаш тақтайлардан құрастырылып, бұрыштары қиюластыра шегеленіп жасалған. Сыртқы беті сүйектен жұқалап кесілген, ұзындығы 10-12 см, жалпақтығы 1-2,5 см аралығындағы сүйек пластиналарымен толықтай қапталып, қазақы өрнекпен әшекейленген. Сүйек бөліктері бұрыштарын дәл қиюластырып, шегелеу әдісімен бекітілген. Қақпағы екі топсалы, темірден жасалған құлып орнатуға арналған ілекпен жабдықталған. Шеткі сүйек элементтері қажалып, кей жерлері сынған.

Санат: Ағаш
Материал: Ағаш, Металл, Сүйек
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Шетіндегі сүйектері қажалған, сынған

Scroll to Top