Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Күрсі.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кітап қоятын, аласалау келген ағаштан жасалған зат. Екі бөліктен тұрады, әрқайсысының ені 11 см, ұзындығы 30 см, қалыңдығы 2 см. Орта тұсы ұзындығы 6,5 см, ені 1,5 см болатын аймақта, бір жағы үш қатар, екінші жағы екі қатар ойылып жасалған ойықтар арқылы бөліктер бір-біріне киілу арқылы ашылып, жабылады. Ағаш күрстің екі жақ басының үстіңгі және астыңғы беттеріне ұзындығы 9 см, биіктігі 10 см көлемінде қазақы ою-өрнек бедерленген жұқа ақ металл тақтайшалар шағын шегелермен бекітілген. Күрс ашылып қойылғандағы ортаңғы бөлігінің жерден биіктігі 10 см, ал екі жаққа толық ашылғандағы аралығы 25 см.

Санат: Ағаш
Материал: Ағаш, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді закымдануы жоқ

Scroll to Top