Қобдиша.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ағаштан жасалған шағын сандықша. Сандықшаның қақпағы ойылып салынған нәзік өрнектермен көмкерілген. Оның бетінің дәл ортасы төртбұрышты дөңес етіп жасалып, ортасына сары жез орнатылған.
Сандықшаның сырты тұтастай қоңыр түсті бояумен сырланған. Аузына құлып салуға арналған темір ілгек орнатылған. Сандықшаның төрт бұрышына темірден жасалған аяқтар бекітіліп, әрқайсысы төрт шегемен мықтап шегеленген. Қақпақтың артқы жағына алты дана шеге арқылы, ал екі жанына төрт-төрттен шеге қағылып, шағын шынжыр ілінген.
Санат:
Ағаш
Материал:
Ағаш, Металл
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ